• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Шілде, 2020

"Түрікменгаз" 1 қыркүйекке дейін 450 қызметкерді жұмыстан босатады

171 рет
көрсетілді

"Түрікменгаз" мемлекеттік концернінде қысқарту жалғасып жатыр. 1 қыркүйекке дейін ұйымның Ашхабад құрылымдарында 450 қызметкер жұмыстан босатылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Маусым айының ортасында концерн басшылығы ұйым заңгерлерінің қатысуымен қызметкерлерге алдағы қысқартулар туралы ескерткен еді. Оларға экспортталатын газ үшін күтілетін пайданың жоқтығына байланысты қызметкерлердің басым көпшілігін ұстау рентабельді емес екенін түсіндірді. Осыған байланысты, барлық қызметкерлер шілденің 1-іне дейін жұмыстан кету туралы арыз жазулары тиіс болған.

Алайда жұмысшылар арыз жазудан бас тартып, кейбірі прокуратураға жүгінген.

1 шілдеде ешкімді жұмыстан босатқан жоқ. Бірақ басшылық қызметкерлерін қайта жинап, қыркүйектің 1-інде жұмыстан босатылатындары туралы айтты. Бұл жолы ешқандай шағымдар көмектеспейтіндігін және екі ай көлеміндегі жәрдемақы төленетінін атап өтті.