"Бурабай" ұлттық паркінің жағажайлары жабылды. Бұл туралы парктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
"Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілгендіктен, "Бурабай" паркінің жағажайлары жабылды. Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған уақытқа дейін енгізіліп отыр. Қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағу керек", делінген хабарламада.