• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Күрес 08 Шілде, 2020

Дем берушісі – «Көңіл толқыны»

382 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең белді ұйым – UFC өзінің кезекті жарысын 11 шілдеде Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өткізбек. Сол UFC 251 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Жалғас Жұмағұловтың өнер көрсететінін де жанкүйерлер жақсы біледі.

Күні кеше отандасымыздың жекпе-жек алдында октагонға қандай әуенмен шығатыны белгілі болды. Жұмағұлов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы айқасқа «Көңіл толқыны» күйімен шығатынын мәлімдеді. Осыдан екі-үш күн бұрын қандасымыз жарыс өтетін БАӘ-ге барып, вирусқа тест тапсырды. Нәтижесі теріс шыққан соң жаттығуға кірісті.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов аталған жекпе-жек кешінде бразилиялық Раулион Паивамен жұдырықтасады. Паива бүгінге дейін UFC-де үш кездесу өткізіп, біреуінде жеңіске жетсе, екеуінде жеңіліп қалған.