Бүгін Алматыда "Садыхан Әлеуметтік дәріхана" ЖШС дәріханалар желісінің иесі Қайрат Әубәкіров пандемия кезінде дәрі-дәрмек және медициналық заттар нарығында бағаның қалай қалыптасатындығын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайрат Әубәкіровтың айтуынша, дүниежүзінде дәрі-дәрмекке деген сұраныстың артуы салдарынан өндірушілер олардың бағаларын өсірген, бірақ Алматының дәріхана желілері Денсаулық министрлігі бекіткен бағаны ұстануда.
"Өндірушілер пандемияға дейін маскаларды 11 теңгемен шығарып, 15 теңгемен сататын. Соңғы жеткізілім бізде 96 теңгеден болды. Кейін өндірушілер бағаны көтерді. Бізді сату бағасымен шектеді. Яғни, бір маска 118 теңгеден сатылатын болды. Ал біз оларды 115 теңгеден сатуға шешім қабылдадық", – деді Қайрат Әубәкіров.
Дәріханалар желісінің басшысытТермометрлердің бағасы туралы: "Қажеттілік туындағанға дейін бір термометр 80 теңгеден сатылды. Қазір олардың сатылу бағасы - 860 теңге. Өндірушілер бағаны көтерді, дистрибьютерлер оларды қолдады, бірақ біз өзіміздің стандарттық бағамызды өзгертпедік", – деді ол.
Қазақстанда 2020 жылдан бастап дәрі-дәрмектерге шекті бағалар енгізілген.
"Егер дәріхана препараттың бағасын көтеріп сататын болса, онда айыппұл төлейді. Екінші рет қайталаса, 6 айға лицензиясының тоқтатылғаны туралы ескертпені алатын болады", - деді дәріханалар желісінің басшысы және бағаны көтеруге өздерінің мүдделі емес екендіктерін де жеткізді.