Ағымдағы жылдың 5-7 шілдесі аралығында Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жедел желісіне тұрғындардан 69 өтініш түскен. Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, соның ішінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша тексеру жүргізілді. 15 шағым расталмады.
Осыған дейін Алматы Әкімдігі карантин шараларының бұзылуы анықталған жағдайда қала тұрғындарының хабарласуы үшін байланыс нөмірлерін жариялаған болатын. Қаланың әрбір ауданы бойынша өз телефон номері бар және сол арқылы хабарласуға болады: Осыған дейін Алматы Әкімдігі карантин шараларының бұзылуы анықталған жағдайда қала тұрғындарының хабарласуы үшін байланыс нөмірлерін жариялаған болатын. Қаланың әрбір ауданы бойынша өз телефон номері бар және сол арқылы хабарласуға болады:
Алатау ауданы – 8 (775) 781-45-50; - Алмалы ауданы – 8 (701) 716-59-25; - Әуезов ауданы – 8 (701) 400-91-93, 8 (747) 761-55-82; - Бостандық ауданы – 8 (701) 122-30-59; - Жетісу ауданы – 8 (701) 107-17-90, 8 (747) 557-40-71; - Медеу ауданы – 8 (707) 822-40-78; - Наурызбай ауданы – 8 (707) 752-79-27; - Түрксіб ауданы – 8 (701) 194-07-19, 8 (705) 189-52-89, 8 (707) 189-52-89. "Аталаған нөмірлер бойынша әрбір азаматтың карантин тәртібін бұзу фактілері туралы хабарлау үшін жеке жүгіну құқығы бар екенін еске саламыз.Расталмаған шағымдар санын азайту үшін хабарласар алдында мемлекеттік органдарға жүгінудің белгіленген тәртібін ескеру қажеттігін атап өткен жөн", дейді жауапты мамандар.Осылайша, өтініш қаралуы үшін аталған нөмірлер бойынша хабарласқан азаматтарға бірінші кезекте өзінің аты-жөнін таныстырып, тәртіпбұзушылық байқалған мекен-жайды хабарлап, сонымен бірге, бұзушылық жайлы толық ақпарат беруі қажет. Сонымен бірге, Алматы тұрғындарына мүмкіндігінше тәртіпбұзушылық дәлелдерін фотосурет немесе видео форматында беру ұсынылады, ол жауапкершілікке тарту кепілдігін қамтамасыз етеді. Жасырын өтініштер, сонымен бірге мәселенің мәні түсіндірілмеген жасырын өтініштер қаралмайды.
Жалпы Алматы қаласында әкімнің тапсырмасымен мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимде жалғасуда. Ағымдағы жылдың 7 шілдесі күні қала бойынша 36 мобильді топ (құрамында аудандық әкімдіктердің, Тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері енген)жұмыс істеген. 896 нысан бойынша мониторинг жүргізілді, соның ішінде 21 нысанның жұмысы тоқтатылды. 15 нысанға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды:
Алатау ауданы – шектеу нормаларын бұзғаны үшін 2 нысан (1 автокөлік жуу орны, 1 ТҚКО) және 2 нысан (1 балабақша, 1 процедуралық кабинет) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды; - Наурызбай ауданы – шектеу шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 5 нысан тартылған (1 шаштараз, 1 сұлулық салоны, 2 автокөлік жуу орталығы, 1 ТҚКО); - Түрксіб ауданы – шектеу шараларын бұзғаны үшін 4 нысан тартылған (ТҚКО, 2 автокөлік жуу орталығы, вулканизация) және 2 (дүкен, дәмхана) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен бірге, мониторингтік топтармен қызметтеріне рұқсат етілген және бақылауға алынған 278 нысан бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.