• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Президент 08 Шілде, 2020

Әр азаматтың амандығы үшін күресейік - Президент

361 рет
көрсетілді

Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін.

Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз.

"Денсаулық – зор байлық" деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік. Әр азаматтың амандығы үшін күресейік! Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін!", деді Президент.

Соңғы жаңалықтар