• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2020

Батыста жыл басынан бері 10 адам суға кетті

207 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 10 адам суға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Орал полиция басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2020 жылдың басынан бері 10 суға бату фактісі тіркелген, оның 7-еуі 6 мен 17 жас аралығындағы балалар.

Олардың қаза болуының негізгі себебі, бейқамдық, белгіленбеген жерлерде суға шомылу, ата-анасының қарауынсыз қалдыру және ересектердің немқұрайдылығынан болып отыр. Олар балаларының су айлағына жалғыз келгенін көрсе де, шара қолданбайды және полицияға қоңырау шалмайды.

Полиция қызметкерлері тұрақты түрде БҚО ТЖД өкілдерімен бірлесіп, суға шомылушылардың жиналатын орындары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Суға шомылуға арналған орындар мен "жабайы" жағажайларды қамти отырып, оларға арнайы ескертулер айтылды.

Суға түсушілерге көпшілік демалатын орындарда өзін өзі ұстау ережелері түсіндірілді, судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс және алғашқы жедел көмек көрсету туралы жадынамалар таратылды.