Бұл туралы арнайы республикалық комиссияның кезекті шешімінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz uznews.uz-ге сілтеме жасап.
Республикалық арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, 18-19 шілде және 25-26 шілде (сенбі және жексенбі) күндері көлік құралдарының, соның ішінде такси қызметтерінің қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде індет жұқтырғандардың саны 12 706-ға жетті. Ал айыққандардың саны - 7723.