• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Шілде, 2020

Темірхан Медетбек: Бұл - "мылтықсыз майдан"

637 рет
көрсетілді

Бұл кезең - қазақтың басына ғана емес, барша адамзат баласына келген зұлмат кезең болып отыр. Шартарапты шарлаған індеттен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын.

Елімізде жасы бар, жасамысы бар талай азаматтарды індеп жалмап алды. Халқымыздың тарихында бұрын да нәубетті жылдар болған. Ол тауқыметтен де сүйретіліп, зорға аман қалдық. Енді мына індет бетпе-бет келіп тұрған жау емес. Бұл Шерхан Мұртаза айтқандай, "мылтықсыз майдан". Осы жолда Президенттің өзінен бастап күресіп жатыр. Әсіресе, дәрігерлердің еңбегі өте зор. Өкінішке қарай, аты жаман ауру әлі де өршіп тұр. Жан-жақтан келген қаралы хабарлар желдей есуде. Бұған жүрек сыздап, қабырғамыз қайысып отыр. Дегенмен, осындай сынақ уақытта осалдық танытпауымыз керек. Бұл кезеңде ең үлкен батырлық - әркімнің өз жауапкершілігі. Қатаң шараларды сақтап, үйде оқшаулансақ, елімізге, экономикамызға көрсетілген үлкен күш болмақ.

Темірхан МЕДЕТБЕК,ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері