• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2020

Түркістан облысында 270 мобильді топ науқастарды үйіне барып емдеуде

158 рет
көрсетілді

Түркістан облысы бойынша емханалар жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар науқастарда ауруларының асқынуларын алдын алуға, ауруханадан шыққан соң бақылауда ұстау үшін құрылған 270 мобильді топ созылмалы аурулары бар пациенттерге де үйде қызмет көрсетуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір дәрігер және 2 орта буын медициналық қызметкері жұмылдырылған топтар толығымен жеңіл автокөліктермен қамтамасыз етілген. Бұл орайда облыс әкімдігі тарапынан 161 көлік берілген.

Мысалы, мобильді топ көмегімен Төлеби ауданына қарасты Леңгір қалалық емханасының өзі небәрі 10 күн ішінде 300-ден астам адам өміріне араша болды. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 симптомсыз науқас пен  пневмонияға шалдыққан 23 азаматты анықтап, дер кезінде медициналық көмек көрсеткен. Халі мүшкілдер бірден ауруханаға  жеткізілуде. Жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілімдері бойынша патронаж жүргізуде. Сондай-ақ мобильді топтар азаматтарда ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған жағдайда, толық медициналық тексеру жүргізеді.  Қызметтің бұл түрі халық үшін тегін.  Мамандар жеке қорғаныс, басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етілген.