• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Шілде, 2020

Антикор бірлескен мониторинг жүргізуде

248 рет
көрсетілді

Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы мо­ниторингтік топ өкілдері, «Астана – адалдық алаңы» жоба ме­нед­жерлері, Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ба­қы­лау комитетінің Дәрілік заттар мен медициналық бұ­йым­дарға арналған бағалар­ды мониторингілеу және талдау басқармасы және Қоғам­дық денсаулық сақтау басқар­масы өкілде­рінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында тегін гуманитарлық көмекті таратуға мониторинг жүргізуде.

Медициналық ұйым­дар­ды дәрі-дәрмектермен және вирустан қорғану құрал­дары­мен қамтамасыз ету уәкілетті органның негізгі міндеті болып табылады.

Елордаға Ресейден гуманитарлық көмекпен  2790 дана қорғаныс киімі, 21 850 дана көлемінде үш қабатты маска, 236 «короновир» таблеткасы, ал Қытай Халық Республикасынан 450 дана медициналық қорғаныс киімі, 3000 дана хирургиялық қолғап, 15 дана инфра­қызыл термометр, 2200 дана медициналық маска, 3040 дана хирургиялық маска жеткізілді.

«Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы, «Астана – адалдық алаңы» жоба менеджерлері және Арнайы мониторинг тобының мүшелерінен құралған жұмыс тобы Ресей мен Қытайдан келген гуманитарлық көмектің «СҚ-Фармация» қоймасынан медициналық ұйымдарға жетуіне мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда коронавирустық инфекциясы бар науқастар орналасқан медициналық ұйымдарды жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектермен қамта­масыз ету карантиндік жағдайлардан тезірек шы­ғуға мүм­кіндік береді. Бұл кезеңде азаматтардың ден­сау­лы­ғы басты рөл атқарады.

Еш нәрсені адам өмірімен салыстыруға болмайды. Бұл жағдайда мемлекет қалыптасқан жағдайды жою үшін кешенді шаралар қабылдауда. Арнайы мониторинг тобы мен жоба менеджерлері гуманитарлық көмектің Қазақстанға жеткізілген сәтінен бастап тұтыну­шыға дейін жету бағытын қадағалауда. Барлық пакет­тер қорғаныс құралдары мен тегін гуманитарлық көмекке жататындығын білдіретін мөрмен бекітіледі. Бұл шара тауарларды дәріханалар мен делдалдар арқылы сатудың алдын алуға мүмкіндік береді. Осыған байла­нысты, барлық мүдделі азаматтарды егер дәрілік препараттарда осындай мөр болса, жобаның 8 775 160-55-32 байланыс нөміріне хабарласуға шақырамын»,  деді Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Арнайы мониторингтік топ өкілі Жәнібек Успанов.