• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Шілде, 2020

Испания туризміне пандемияның зардабы

486 рет
көрсетілді

Сарапшылардың пікіріне жүгінсек, Испанияға туристік сапармен келу таяу жылдары шетелдіктер үшін аса қымбатқа түседі. Ал бағаның бұрынғы қалпына оралуына бірнеше жылдан соң ғана мүмкіндік туады, дейді Egemen.kz

COVID-19 Испания экономикасына елеулі үлесін қосатын шетелдік туризм саласына ойсырата соққы берді. Наурыз айында басталып, 3 айға созылған шекараның жабылуы, шілдеде пандемияның қайта өршуі Пириней түбегіне келуші туристердің санын мүлде азайтқан. Оның салқыны отельдер мен барлардың жұмысына әсер етіп, олар амалсыздан бағаны көтеруге мәжбүр болған. 2019 жылы 83,7 млн турист қабылдаған жағажайларда ине шаншар орын табылмайтын Испан жағалаулары бос қалып отыр.

Мадрид политехникалық университетінің профессоры Роберто Сентено және Мадрид әлеуметтік зерттеулер орталығының қызметкері Клара Торрес Крус пандемия зардабын шеккен еуропалықтар шетелге шығуға, оның үстіне шілдеде ауру қайтадан бұрқ ете қалған Испанияға келуге қорқады. Ел билігінің адамдар көп жиналған жердің барлығында, тіпті жағажайларда бетті тұмшаламаса 100 еуро айыппұл төлетуі туралы шешім шығаруы да қолайлы болып тұрған жоқ, дейді.

"Periodico" басылымы әдетте туристер легімен қайнаған қазандай болып жататын Барселона отельдерінің небары 20 пайызы жұмыс істеп тұрғанын, елдегі 300 000 бар, мейрамхана, дәмханалардың  бүгінде 60 000 жабылып, тамыз айында  тағы 25 000 жоғарыдағы 60 мыңның қатарын толықтыратынын жазады.