Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Бұған дейін министрлік Көбейтұз көлін қорғау бойынша алғашқы шараларды қабылдаған. Министрлік мамандарының айтуынша, көлден алынған сынама кәдімгі қарапайым ас тұзымен бірдей екенін көрсеткен. Сондай-ақ, қоғамдық бақылау кеңесі құрылып, еріктілер мен құқық қорғау органдарының арасынан көлді тексеретін топ құрылады. Қазір Экология министрлігі жағдайды талдап, қосымша шаралар әзірлеуде, - деп жазады Egemen.kz
Министр Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, көлдер мен басқа да табиғи нысандарда болудың белгіленген тәртібін, санитарлық нормалар мен экологиялық заңнаманы бұзушылар жазаланады, айыппұлдар артады, заңбұзушылық үшін жауапкершілік күшейтіледі. Әкімшілік кодекстің 505-бабына сәйкес ("Қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын қирату, қаланың және елдімекендердің жасыл көшеттерді бұзу және бүлдіру" баптарына сәйкес) Көбейтұз көліндегі стихиялық қоқыс үшін бірнеше адам жауапқа тартылды.
"Сондай-ақ, экологиялық бекеттер құру жоспарлануда. Бірақ осы бірегей көлге құмартатындар саны артуда", - деді Мағзұм Мырзағалиев. - Демек, жалпы алғанда, ең алдымен, азаматтарға мұндай жерлерде жүріп-тұру ережелерін түсіндіру және эко мәдениетті көтеру, тұзды өзімен бірге алып кетуге болмайтынын, оның ешқандай емдік қасиеті жоқ екенін, ал көл туристердің осындай әрекеттерінен жойылып кетуі мүмкін екенін түсіндіру қажет. Сондай-ақ, біз қоғам белсенділерін, экологтарды, эко-белсенділерді осы жұмысқа жұмылдырмақшымыз".
Министр атап өткендей, бұл елдегі басқа да табиғи нысандардағы жағдайларға, оның ішінде Алматыдағы Бурабай немесе Первомайский тоғандарындағы оқиғалар немесе Қызыл кітапқа енген лотос гүлін жұлып алу жағдайы да ведомства өкілдерінің алаңдаушылығын туғызуда.
"Айыппұлдардан басқа, халыққа үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Ересектер өздері балаларға табиғатты аялауды үйретіп, үлгі болуы керек. Тағы да барлық қазақстандықтарды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақырамын. Біз елдегі кез-келген табиғи нысанның жанына инспектор қоя алмаймыз. Жалпы, халықтың экологиялық мәдениетін жақсарту керек. Әрине, ол бір күндік жұмыс емес. Бірақ біздің министрлік мұндай түсіндірулерді қоғамда белсенді түрде насихаттайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына осы іске қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтамыз. Болашақта да насихат жұмыстары жағынан сіздердің бізді қолдайтындарыңызға сенеміз. Бұл жұмыстарға жергілікті әкімдіктер де белсене қатысады деген ойдамыз.
Бұл үшін бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері қажет. Жоғарыда айтқанымдай, бәрі бала кезден бойға сіңірілуі керек. Сол себепті де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде экологиялық мәдениет пәнін енгізуді ұсынды", - деп түйіндеді Мағзұм Мырзағалиев.