• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Шілде, 2020

АҚШ Хьюстондағы Қытайдың Бас консулдығын жабуды талап етті

602 рет
көрсетілді

АҚШ 72 сағат ішінде Хьюстон қаласындағы Қытайдың Бас консулдығын жабуды талап етті. Бұл туралы Бейжіңде өткен брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэнь хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Қытай тарапы бұл бейберекетсіздікке наразылығын білдірді. Америка құрама штатының әрекеттері халықаралық құқық нормаларын және елдер арасындағы Консулдық келісімді айтарлықтай бұзып отырғанын мәлімдейді.

Айта кетейік, жабу туралы талап 21 шілдеде келіп түсті. Қытай дипломатының айтуынша, АҚШ үкіметі Қытайды стигматизациялап, елшілік пен консул қызметкерлерін қудалаған.

Ал АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус Вашингтон америкалықтардың зияткерлік меншігі мен жеке ақпараттарын қорғауды қамтамасыз ету үшін Хьюстондағы Бас консулдықты жабуды тапсырды.