Қаладағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында күнделікті тиісті шаралар қабылданып, баға бойынша мониторинг үздіксіз жүргізілуде, - деп жазады Egemen.kz
Бүгінде қала аумағында халыққа азық-түлік өнімдерін арзандатып сататын 30 әлеуметтік дүкен мен 300-ден аса тауар түрінің бағасын көпке қолжетімді ететін "Әлеуметтік маркет" жұмыс істеуде. Сонымен бірге тұрғындарды нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ірі сауда орындарында әлеуметтік сөрелер орналастырылған.
Нанның бағасы да тұрақты. Өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған ұн наубайханаларға төмен бағада беріліп, қазір бөлке нанның орташа бағасы 62,5 теңге болып отыр. Ал әлеуметтік дүкендерде 55 теңгеден сатылуда.
"Б.Рсалиев" шаруа қожалығы қаланың 6 аумағында орналасқан жеке сауда орындарында сиыр етін 1600 теңгеден сатуда. Алдағы уақытта шаруашылық ет сату орындарын көбейтуді жоспарлап отыр.