• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2020

Медициналық жабдықтарды шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

268 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы "Қапланбек" кеден бекетінде мыңға жуық тестілеу препаратын көрші елге өткізбек болған Өзбекстан азаматы қолға түсті,  деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Шекарадан құны 3,6 млн. теңге болатын 56 қорап медициналық затты Өзбекстанға алып өтуге тырысқан.  Қолға түскен азамат тауарды Ресейден әкелгенін айтты. Бірақ кеден бекетінен өту барысында тесттерге декларация тапсырмаған. Заң  бұзу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды. Шетел азаматына 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Одан бөлек,жұмысшы топпен соңғы 4 күн ішінде облыс аумағында  15 факті анықталды. Яғни аталғанф актілер азаматтарға жоғары бағада дәрі дәрмек сату фактісімен ұштасқан.  Аталған мән жайлар уәкілетті органмен қаралып, тиісті шаралар қолданаылды.

 Жамбыл облысында да дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігін Ресейге транзиттік жолмен жеткіземіз деп, жалған құжат жасап Қазақстанда саудаламақ болғандар ұсталды.  Жүк көлігінің ішінде парацетамол, азитромицин, кетонал сынды жиырма түрлі  препарат бар. Тәркіленген дәрілердің бағасы 19 млн теңге. Бұл препараттар облыстағы денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Енді Жарамдылық мерзімі аяқталмағандары өңірдің медициналық мекемелеріне таратылады.