Қатерлі кеселден айығып шыққан қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаров пен семейлік электртехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков қан орталығына барып, иммундық плазма доноры болды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, бір адамнан 600-650 мл плазма алынады. Бұл, шамамен, індет жұқтырған үш науқасты емдеп, қауіпті індеттің ілмегінен құтқаруға көмектеседі.
Айта кетейік, Семейде 31 адам донор болуға өтініш білдірген. Оның ішінде қан орталығының 8 қызметкері бар. Олардан алынған иммундық плазманың дозалары осы орталықта әзірленіп, қажеттілігіне байланысты қаладағы ауруханаларға таратылады.