Парламент • Бүгін, 14:38

Қосымша 5 млрд теңге кіріс: Депутат Қазақстанға кіретін қытайлық көліктерге төлем енгізуді ұсынды

2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы Қазақстанға Қытайдан кіретін автокөліктер үшін ақылы кіру тәртібін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосымша 5 млрд теңге кіріс: Депутат Қазақстанға кіретін қытайлық көліктерге төлем енгізуді ұсынды

Фото: istockphoto.com

Оның айтуынша, қазіргі таңда екі ел арасындағы талаптарда айқын теңсіздік бар екендігі байқалады. Қазақстанда тіркелген көлік иелері Қытайға кірер кезде уақытша тіркеу рәсімінен өтіп, уақытша жүргізуші куәлігі мен арнайы нөмірлік белгіні алуы тиіс. Сонымен қатар сақтандыру рәсімделіп, құжаттар аударылып, бақылау-тексеру шараларынан өтеді.

Ал бұл қызметтердің барлығы ақылы негізде көрсетіледі.

«Бұл рәсімдердің барлығы ақылы негізде жүргізіліп, арнайы қызметкерлердің шығындарын өтеуге бағытталған. Қазіргі деректер бойынша, бір автокөлікке қатысты барлық рәсімдердің құны шамамен 8-9 мың юаньды немесе 560 мың теңгені құрайды. Осылайша Қытай тарапы шетелдік көліктерді бақылап қана қоймай, ресми табыс та табады», деді депутат.

Болатбек Нажметдинұлының айтуынша, 2025 жылы және биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан аумағына 8 мыңнан астам қытайлық көлік кірген. Депутат Қазақстан да осындай тәсілді қолданса, бюджетке шамамен 5 млрд теңге көлемінде қосымша кіріс түсуі мүмкін екендігін айтты.

Қытайлық BYD бренді сапасыз автокөліктерді кері қайтарып алатынын мәлімдеді

Сондай-ақ ол бұл ұсыныс туризмді шектеуге бағытталмағанын, керісінше құқықтық теңдік, қауіпсіздік мәселерін реттеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдан BYD Destroyer 05 көліктерін әкелген азаматтар мемлекеттік кірістер органдарының әрекетіне наразылық білдірген еді. Олардың айтуынша, көліктер сол кездегі заңнамаға сай рәсімделгеніне қарамастан, кейіннен кедендік төлемдер қайта есептеліп, шоттар бұғаттала бастаған.

Соңғы жаңалықтар