19 шілде күні полицейлер Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылынан 40 шақырым жердегі бұлақ басына егілгген 240 түп сора, 100 түп көкнар алқабының үстінен түсті, деп жазады Egemen.kz
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Жаңақорған ауданының екі тұрғыны ұсталып, олардан полиэтилен пакетке оралған кептірілген шөп ұнтақтары айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысы оның кептірілген марихуана екендігін анықтап отыр.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2- сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.