Карантиндік шектеу шараларына қарамастан, үшінші мегаполисте әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
13 мектептің құрылысына қазынадан 8,4 миллиард теңге бөлінді. 9 нысанның құрылысы биыл аяқталады. Олардың қатарында 1 мың 200 және 300 оқушыға лайықталған 8 жалпы білім ордасы, сондай-ақ бір өнер мектебі бар. Қазір бұл нысандардың қабырғасы қаланып, шатыры жабылып қойған. Әрлеу, жиһаздармен жабдықтау және абаттандыру жұмысы жүруде. Ал қалған 4 әлеуметтік нысанның құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарлануда.