• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Шілде, 2020

Спорттық іс-шаралар өтпейді

158 рет
көрсетілді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауым­дастығы (WTA) 2020 жылы Қытайдағы турнирлердің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Мұндай шешім қабылдауға Қытай билігінің жыл соңына дейін коронавирус індетіне байланысты қандай да бір жарыс­ты өткізбеуі себеп болған. Осылайша, WTA Қытайдағы жеті жарыстың өтпейтінін мәлімдеді. Оның ішінде, WTA финалдық кезеңі де бар. Аталған турнир 1-8 қараша аралығында өтуі тиіс болатын.

Ерлер арасында өтпейтін бәсекелер қатарында Шанхайдағы Masters 1000 тур­нирі, Азиядағы жалғыз АТР Masters 1000 турнирі бар. Әлемдік қауымдастықтар Қытай билігінің бұл шешіміне құрметпен қарай­тынын жеткізген.