• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 27 Шілде, 2020

Талантты жастардың қатарында

152 рет
көрсетілді

АҚШ-тың әйгілі ESPN телеарнасы кәсіпқой бокста жүрген 25 жасқа дейінгі ең талантты деген 50 жас боксшының тізімін жариялады.

Бір қуанарлығы, аталған 50 боксшының ішінде қазақстандық былғары қолғап шебері де бар. Әуесқой бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған Садриддин Ахмедов рейтингтің 31-орнына жайғасқан. Кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысқан отандасымыз небәрі екі жылдың ішінде ерекше талантымен дараланып, бірден мамандар назарын өзіне аудартты. Осы уақыт аралығында 11 жекпе-жек өткізген жерлесіміз 10 қар­сыласын мерзімінен бұрын жеңген. Сондай-ақ Ахмедов WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы және WBC Asia белбеуінің иегері.

Рейтингтің көшін жеңіл салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы Теофимо Лопес бас­тап тұр. Екінші орында екінші орта салмақтағы WBC чемпионы Давид Бенавидес болса, үштікті Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Шакур Стивенсон түйіндеді. Кейінгі орындарға Девин Хэйни (24-0, 15 КО), Райан Гарсиа (20-0, 17 КО), Хайме Мунгиа (35-0, 18 КО), Верджил Ортис (15-0, 15 КО), Джарон Эннис (25-0, 23 КО), Дэниел Дюбуа (14-0, 13 КО) және Эриксон Лубин (22-1, 16 КО) жайғасқан.