10 тонна алтын кенін шекарадан Ресей асырмақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Бағалы кенді қаптарға салып, Нұр-Сұлтаннан Челябинск облысына алып өтпек болғандар "Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде қолға түсті. Олар жалған құжат жасап, жүкті "кварцит" ретінде рәсімдеген екен.
Айта өтейік, 1 тонна кеннен 1 келідей таза алтын шығады. Яғни, тәркіленген өнімнің жалпы құны 250 миллион теңгеге бағаланып отыр.