• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2020

Атырауда 10 компьютерлік томография аппараты бар

684 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, тұрғындар жергілікті мекен-жайы бойынша емхана жолдамамен компьютерлік томография аппаратына тегін түсуіне мүмкіндік жасалып отыр. Сондай-ақ, пневмонияны анықтау үшін  рентгенге де түсуіне болады.

"Қазір облыста 10 компьтерлік томография аппараты бар. Бұрын компьютерлік томография аппараты болмаған кезде пневмония рентген арқылы анықталып келді. Сол себептен, компьютерлік томографияның баламасына​ рентген аппаратын жатқыза аламыз", - дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Атырау облыстық ауруханасы 2, №2 облыстық инфекциялық аурухана  1, облыстық кардиоорталықта, онкология диспансерінде, облыстық балалар ауруханасы мен Жылыой аудандық орталық ауруханасы бір-бірден компьютерлік томографиямен қамтылыпты. Сондай-ақ, үш жеке клиникада  осындай бір аппарат  бар.