• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 31 Шілде, 2020

Әлеуметтік мекемелердің санитарлық қауіпсіздігі бақылауда

177 рет
көрсетілді

Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүргендерге төленетін қосымша ақы­ның елеулі болуы заңды. Жаман ауруға байланыс­ты медициналық қыз­мет­­кер­лерге қосымша ақы төлеуге тиісті Әлеу­мет­тік-ме­дициналық сақ­тан­дыру қоры осыған дейін дәрі­герлерге 32 млрд теңге төлеген екен. Соның ішін­де бар­лық төленген қара­жаттың 42 пайызы 2-топ­­та­ғы тәуекел аймағында қыз­­мет етіп жүрген дәрі­гер­лер мен медициналық қыз­меткерлерге берілген.

Олар – провизорлық стационарларда қызмет еткен дәрігерлер мен орта және кіші дәрежедегі медициналық қызметкерлер. Жедел жәрдемде қызмет еткен дәрігерлер мен фельдшерлер де осы санатқа кіреді. Бірақ саны жағына келетін болсақ, қосымша ақы алғандардың 52 пайызы – үшінші топтағы тәуекел аймағында жұмыс істейтіндер. Олардың саны шілденің соңында 80,5 мың адамға жетті. Тәуекелі аса қауіпті жағдайда қызмет етіп, қосымша ақы алған мамандардың да саны да артып келеді. Олардың саны республика бойынша наурыз айында 19 мың болса, қазір 53 мың адамнан асқан.

Осы қор арқылы қосымша қаражат алғандардың саны кейбір облыстарда негізсіз асып кеткені де белгілі болды. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының ма­мандарына 101 млн теңгені артық төлегені анықталды. Өңірде қо­сымша ақы алушылардың арасына әкімшілік блоктың қосымша персоналдарын да енгізіп қойыпты. Соның ішінде кір жуатындар, картоп тазалайтындар, тіпті сан­тех­никтерге дейін еніп кеткен екен. Олар медициналық қыз­мет­керлер болмағандықтан қордан төленген қосымша қаражат қай­тарылған. Әрине олардың да еңбегін ынталандыруға болады, бірақ қордың есебінен емес, медициналық мекеменің өз есе­бі­нен немесе жергілікті бюд­жеттің көмегі арқылы ғана.

Індетпен күресте соңғы кез­де­рі жеке азаматтардың, бизнес өкілдерінің халыққа жасаған жа­на­­­шыр­лығы көп айтылып жатыр. Дегенмен мемлекет те қарап отыр­ған жоқ, Мемлекеттік әлеу­мет­тік сақтандыру қоры есебінен ауыр сынақтан халқымызды құтқаруға көмек­тесіп жатыр. 28 шіл­­дедегі мәлі­метке қарағанда, та­бы­­сынан айы­рылған, күнделікті нәпақасын жо­ғалтқан 1,8 млн-нан астам қазақ­ста­ндық 42 500 теңгеден осы қордан біржолғы көмек алды. Шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған 2,2 млн адамнан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем таға­йын­дауға сұраған өтініш түскен еді. Соның ішінде төлем 1,9 млн адамға тағайындалып, 1 млн 820 мың адам ақшалай көмекті алды.

Қазақстандықтардың біржолғы төлемді сұраған өтініштерінің 822,1 мыңы проактивті форматта, 554,3 мыңы Egov.kz порталы және telegram-боттар, 287,6 мыңы enbek.kz порталы, 569,6 мыңы екінші дең­гейдегі банктердің мобильдік қосым­шалары мен интернет-ресурс­­тары арқылы түскен.

17 шілдеден бастап жеке кәсіп­кер­лерден, жеке практикамен айналысатын адамдардан, аза­мат­тық-құқықтық сипаттағы шарт­тар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан да өтінімдер қабыл­дана бастады. Сонымен қатар жалақы сақталмайтын де­ма­лыс­қа жіберілген жалдамалы қыз­мет­кер­лер үшін өтінімді жұ­мыс беруші ғана беретінін атап өту қажет. Өті­ніш қабылдау 2020 жыл­дың 1 қыр­күйегіне дейін жал­ға­сады.

Жуырда Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық депар­таментінің басшысы Мереке Мұха­медияров мемлекеттік әлеу­меттік мекемелерде, арнайы әлеу­мет­тік көмек көрсету ұйым­дарында эпидемияға қарсы көр­се­тілетін іс-шаралар бойынша ақ­па­рат берді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мүгедектерді эпидемия­дан әлеуметтік қорғау арнайы әлеу­меттік қызмет көрсету сала­сын­­дағы заңнамалардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ойдағыдай жүр­гізілу­де. Осы мақсатта мүге­дек­тердің меди­циналық-әлеуметтік меке­ме­л­ер­інде және осындай қызмет көр­сететін басқа да ұйымдарда ар­найы әлеуметтік қызметті сапалы, толық және уақытында алуына әлеуметтік инфрақұрылымдар объек­тілерінің мүгедектерге қол­же­тім­ділігін қамтамасыз етудің оңалту жұмыстарына және арнайы әлеуметтік қызметті сапалы алуына қатаң бақылау жүргізіледі.

Елімізде коронавирустық ин­фек­­цияның тез таралуына байланысты, мекеме қызметкерлері мен қызмет алушылардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатында жүр­гізіліп жатқан жұмыстар да депар­та­менттің тұрақты бақылауына алынған. Бүгінгі таңда облыстың медициналық-әлеуметтік меке­ме­­лерінде 1637 адам есепте тұра­ды, олардың ішінде: 141-і бі­рін­ші топ мүгедегі, 1212-сі екін­ші топ мүге­де­гі, 44-і мүгедек-бала сана­тын­дағы қызмет алушы­лар және 240 қарт кісілер. Осы мекемелерде де бір­қатар шектеу шаралары қолға алынған. Соның ішінде эпидемияға қар­сы санитарлық іс-шаралар кеше­­нін өткізу ұйымдастырылып, күшей­­тілген зарарсыздандыру мен гигие­налық талаптарды сақтау тәртіп­тері енгізілген. Құры­лымдық бөлім­ше­лер­де қолға арнал­ған санитарлық құ­рылғылар, мекеме қызметкерлері үшін анти­сеп­ти­ка­лық құралдармен сани­тарлық аймақтар тегіс жаб­дық­талған. Барлық мекемелер бір рет қолда­ны­латын бетперделермен, қолғап­тар­мен, антисептиктермен қамтамасыз етілген. Осындай құралдардың қо­ры мол. Нақты айтқанда, 80 601 бет­перде, 64 055 жұп қолғап, 1 666 литр антисептик бар.

 

Солтүстік Қазақстан облысы