"2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында халықаралық туристік сапарлардың саны 300 млн-ға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56%-ға азайды", деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымына (ЮНВТО) сілтеме жасап.
Бұл қазірдің өзінде туристік табыстың 320 миллиард долларға төмендеуіне әкеліп соқты, ұйымның пікірінше, бұл 2009 жылғы әлемдік экономикалық дағдарысқа қарағанда үш есе көп. Сонымен бірге, мамыр айында сапарлар саны 2019 жылдың дәл осы айымен салыстырғанда 98% -ға азайды. ороновирус тұтқиылдан соққы берген алғашқы сала туризм индустриясы.
Қауіпті дертпен әлемдік күрес ішкі-сыртқы шекаралардың жабылуына алып келді: транспорт тасымалы, қызмет көрсету саласы өз жұмысын уақытша тоқтатып, мега жобалар мен жоғары деңгейдегі іс-шаралар кейінге қалды. Бұл шектеулер бірден туристік саланың жұмысына кері әсер етті. Пандемия жария етілген тұста Халықаралық іскерлік туризм ассоциациясы (GBTA) коронавирустың іскерлік туризм индустриясына әсері туралы зерттеу жүргізді. Оның жұмысына 1095 корпорация өкілдері мен қауымдастық мүшелері қатысқан. Мәселен, 290 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған әлемдегі ірі өндіруші компания Nestle, 800 мың қызметкері бар Amazon интернет-дүкені, L'oreal, Unilever, Ford секілді басқа да танымал ұйымдар корпорация қызметкерлеріне бизнес сапар жасауға тыйым салған.
"Соңғы мәліметтер туризмді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтірудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Халықаралық туризмнің күрт құлдырауы көптеген үй шаруашылықтарын, әсіресе дамушы елдердегі өмір сүру қаупіне душар етеді. Әлемнің кез-келген аймағындағы үкіметтердің екіжақты жауапкершілігі бар: олар бизнес пен жұмыс орындарын қорғау кезінде өз азаматтарының денсаулығын сақтау керек", деді ЮНВТО бас хатшысы Зураб Пололикашвили
Сонымен бірге, UWNTO 1 шілдеде ЕО шекараларының ашылуына байланысты салада, әсіресе Солтүстік жарты шарда жанданудың барын атап өтті.
"Бірақ туризм кейбір елдерде баяу қалпына келе бастаған кезде, салаға деген сенім индексі төмендеді. Халықаралық сарапшылардың көпшілігі туризмнің 2021 жылдың екінші жартысына дейін қалпына келуін күтпейді", дейді ұйым.
. Оның пікірінше, қалпына келтіруге көптеген елдерде әлі де жабық шекаралар кедергі келтіруде, сонымен қатар негізгі «туристік жабдықтау нарықтары» - АҚШ пен Қытай осы уақытқа дейін тоқтап тұрды. Коронавирустың екінші толқынынан қорқу, сондай-ақ жаңа шектеулер мен тосқауылдар саланың қызметтерін тұтынушыларға сенімділікті арттырмайды.
Туризмді экономиканың табысы мол саласына айналдыру үшін кешенді және мазмұнды жұмыс жүргізу қажетігі, шетел тәжірибесінен үлгі алуға болады. Көрме-презентация, форумдар мен буклеттер мәселені шешпейтінін осыған дейін сарапшылар талай рет айтқан. Әлемдік турбизнес нарығындағы бұл жағдай Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Елде төтенше жағдай жария етілген мезетте Қазақстанның туристік қауымдастығы үкіметтен көмек сұрауға мәжбүр болғаны белгілі. Себебі пандемияға дейінгі дерегіне сүйенсек, бұл салада бүгінде 80 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қазақстан үкіметі туроператорларға да, туристерге де қолдау білдіруге мүдделі екендігін айтты. Пандемия басталған кезде шетте жүрген қазақстандық туристер елге қайтарылды. Төтенше жағдайға байланысты салық және әлеуметтік төлемдерден босатылатын субъектілер қатарында қонақ үй, хостел және туристік қызмет нысандары 2020 жылдың 1 қазанына дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылды.
Қазақстан туристер қауымдастығының басшысы Рашида Шайкенова Қазақстандағы туризмнің индикаторы – Алматы мен Көкшетау екенін айтады. Себебі Бурабай мен Көкшетауға Астананың ықпалы күшті. Бурабай мен Шымбұлақтағы бес жұлдызды қонақ үйлердің басым көпшілігі жаз мезгілінде бос тұрады. Жыл бойы адам аяғы үзілмесе, баға да төмендер еді.
"Ол үшін Орталық, Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс бағытын қамтитын туристік жобаларды ұйымдастыру керек", дейді Рашида Шайкенова.
Сондай-ақ Рашида Шайкенова нарық күні ертең қалпына келеді деп босқа үміттенбейтінін, бірақ сала дағдарысты еңсеруге барынша тырысып жатқанын айтады.
"Дағдарыстың алғашқы белгісі Қытайдың Ухань қаласынан коронавирус шыққаны туралы ақпарат тараған 2019 жылғы желтоқсанның соңында, Қытайдан келетін туристердің азайып кетті. Қазір пандемияның туризм саласына келтірген шығынын есептеу қиын. Бұл сұрақтың жауабы уақыт өте белгілі болады. Бірақ қазірдің өзінде туристік қызмет саласындағы шағын және орта бизнестің қандай қиын жағдайда отырғанын білеміз", дейді Рашида Шайкенова.