Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
"Құрбан айт – Исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімділіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам. Осы қасиетті мерекеде жасаған игі істеріңіз қоғамның өркендеуіне үлесін қосып, еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының кепілі болатыны анық", делінген құттықтау хатта.