• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Тамыз, 2020

Халықаралық Төрелік Трибунал: Әділдік Қазақстан жағында

319 рет
көрсетілді

Өткен аптада, нақтылай айтқанда 30 шілдеде халықаралық Төрелік Трибунал 2016 жылы канадалық «Gold Pool JV Ltd» (Голд Пул) компаниясының «Қазақалтын»АҚ кәсіпорнын сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа қатысты Қазақстан Республикасына қарсы бастаған төрелік істің сот қарауына жатпайтындығы және оны тоқтату туралы бірауыздан шешім қабылдады. Талап арыздың сомасы 917 млн АҚШ долларын құрайды.

Тарата айтар болсақ, 1996 жылғы наурызда «Голд Пул» компаниясы «Қазақ­алтын»АҚ-ның қарыздарын өтеу, өндірісті қалпына келтіру және жаңғырту, қолайлы қаржылық жағдай және тиімді нарықтық стратегия жасау мақсатында аталған кәсіпорынды басқаруына алған. «Голд Пул» келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаған. Ұзақ уақыт бойы төленбеген жалақы бойынша кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы берешегі тұрақты түрде өскен. Негізінен жұмыс істемейтін алтын өн­діретін кеніштердің (Ақсу, Жолым­бет және Бестөбе) жұмысы жолға қо­йыл­маған. Кәсіпорынның басқа алтын кен орындарындағы шахталар қарау­сыз қалып, су басқан. Кәсіпорында өнді­рістік қуаттарды жаңарту және қажет­ті геологиялық барлау жұмыстары жүргі­зілмеген, кенді қайта өңдеу және алтын өндіру жолға қойылмаған. Содан кә­сіп­орынның жұмысшылар мен мерді­герлер алдындағы қарыздары өсе бере­ді. Басқарушы компания өзінің қар­жылық дәрменсіздігін көрсетеді және іс жүзінде банкротқа ұшырайды. Сәтсіз жұ­мыс нәтижесінде жұмысшы ауылдар жылыту маусымына дайын болмады және олардың тұрғындары зардап шекті. Бір­неше рет жасалған ескертулерден және кемшіліктерді түзетуге уақыт бе­ріл­геннен кейін, аталған жүйелі бұзу­шы­лықтарға байланысты 1997 жылғы тамызда басқарушы компаниямен келісімшарт бұзылған.

«Голд Пул» компаниясы көп ұзамай мемлекеттік органдарға қарсы басқару келісімшарты бойынша халықаралық коммерциялық төрелікке жүгінгенімен, содан кейін ол ешқандай өндірістік қадам­дар жасамады. Осылайша, ол заңды рәсім шеңберінде өз талаптарын талап етуді тоқтатады. Келісімшартқа қолданы­латын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап қою мерзімі 2000 жылы аяқталады.

Осыған қарамастан, жоғарыда көр­сетілген оқиғалардан 17 жыл өткен соң, 2014 жылғы ақпанда Талапкер тарап Қазақстан Республикасына 1989 жылғы Күрделі салымдарды көтермелеу және өзара қорғау туралы кеңестік-канадалық келісімді негізге ала отырып, дау туралы хабарлама жіберді. 2016 жылдың наурыз айында талапкер төре­лік талқылауға бастамашылық жасайды. Іс жүзінде әрбір төрелік процесс юрисдикция, даудың мәні және талап қою сомасын бағалау мәселелерін қарауды қамтиды. Осы бағыттардың әрқайсысы мұқият дайындықты және материалдарды жинауды қажет етеді. 2014 жылдан бастап Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кон­сультанты алдағы талқылауда дәлел­деме базасын жинау бойынша жұмыс жүргізеді. Қазақстан өзін міндет­темелерімен байланысты деп санамайтын 1989 жылғы кеңестік-канадалық келісімнің елімізге қолданылуы туралы Талапкердің мәлімдемесіне байланысты, төрелік наразылықтарын қалыптастыру кезінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Мем­лекетаралық келісімдерге талдау жасалды, ел тәуелсіздік алған сәттен бастап әр­түрлі кезеңдердегі мұрағаттық құжаттар, сондай-ақ дипломатиялық ноталар, үкіметаралық деңгейдегі мәлім­демелер, мемлекеттік органдар мен лауа­зымды тұлғалардың хат алмасулары, жазбалары табылды және мұқият зерттелді.

Бұл кеңестік-канадалық келісім бо­йынша Қазақстанның қандай да бір құқықтық мирасқорлығының жоқтығы туралы мемлекеттің ұстанымын нығай­туға ықпал етті. 1990 жылдардағы заң­на­­малық база да талданды, ол төре­лік сот талап арыз берілгенге дейін айтар­лықтай өзгерістерге ұшырады. Сонымен қатар куәгерлерді іздеу және тарту жұмыстары жүргізілді. Олардың айғақтары 1989 жылғы Келісім бойынша елдің мұрагерлігінің болмауы, Үкімет тарапынан басқару туралы келісімшарт ережелерін бұзушылықтардың болмауы туралы көзқарасты нығайтты. Бұлар төрелік талқылауда маңызды рөл атқарды. Оқиғалар мен материалдардың елдің мұрағаттарына берілуіне байланысты құжаттарды іздеу және тал­дау бойынша бірегей жұмыс ұйымдас­тырылды. Әділет министрлігі мен консультант қызметкерлері Ақмола облысы (Көкшетау және Степногор қала­лары) архивтерінің, Қазақстан Ұлттық архивінің, Қазақстан Президенті Архивінің, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары архивтерінің қорларын, сон­дай-ақ мемлекеттік органдардың ве­домстволық архивтерінің материалдарын зерделеді. Нәтижесінде ондаған мың құжат қаралды.

Сонымен бірге оқиғалардан кейін 17 жыл өткен соң осы төрелік талқылау қозғаған және осы уақыт ішінде алтын­ның қымбаттаған бағасын ескере отырып, миллиард долларға жуық өтем­ақы талап еткен Талапкер көп жыл бұрынғы оқиғаларды қатты бұрмалап, бастап­қыда жасыруға тырысқан фактілер мен құжаттарға қайшы келетін жалған ша­ғымдарды агрессивті түрде ұсынды. Сондай-ақ Канада органдары төрелікке мазмұны соншалықты өңделген құжат­тарды ұсынғанын, оларды оқу мүмкін еместігін атап өткен жөн. Осының бәрі Қазақстанның ұстанымын қорғау бойын­ша жұмысты қиындатты, алайда министрлік және консультант қажетті дәлелдерді алып, шындыққа қол жеткізе алды.

Іс бойынша тыңдаулар 2019 жыл­дың маусым айында Париж қаласында (Франция) өтті. Нәтижесінде халық­аралық Төрелік Трибунал Қазақстан Республикасы 1989 жылғы кеңестік-кана­далық Күрделі салымдар­ды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісі­ммен байланысты емес деген қоры­тын­дыға келді. Трибунал Талап­кердің Қазақ­стан мен Канада осы Келісім бойын­ша Республиканың құқықтық мирас­қорлығы туралы «үнсіз келісімге» («tacit agreement») қол жеткізгені туралы уәжін қабылдамады. Трибуналдың қоры­тындысы, атап айтқанда, жаңа дәлелдерге сүйенеді және «World Wide Minerals Ltd.» пен Пол Карроллдың атынан басталған төрелік ісіндегі басқа трибуналдың бұдан бұрын жасаған қорытындысынан өзгеше.

Трибунал Талапкерді Қазақстанның осы төрелік шешімге қол жеткізу жо­лын­дағы барлық шығындарын өтеуді міндеттеді.

«Голд Пул» талабы – күмәнді факті­лерге негізделген арбитраж арқылы «инвесторлар» деп аталатындардың ақша табуға арналған тағы бір әрекеті. Төрелік Трибуналдың шешімі Қазақстанда осындай агрессивті әрекеттерге қарсы тұра алатын қазіргі заманғы құқықтық жүйенің қалыптасуының дәлелі болып табылады. Қазақстанда қажетті ресурстар мен сенімді шетелдік кеңесшілер тобы бар. Сонымен қатар соттар мен мемлекеттік органдар қажетті тәжірибе жинақтайды. Мұның бәрі төрелік процестерде тиімді қорғауды қамтамасыз етеді», дейді Қа­зақ­станның Әділет министрі Марат Беке­таев.