• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2020

Атырауда жол апатынан бір адам көз жұмды

1251 рет
көрсетілді

Куәгерлердің айтуына қарағанда, жол апаты  "Жұлдыз" ықшамауданы арқылы өтетін "Атырау-Индер" тас жолында кеше, 3 тамызда сағат 14:00 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Жол бойында  Nissan Murano және Nissan Teana маркілі шетелдік көліктер соқтығысып қалған.

Жол апатынан оқиға орнында бір жолаушы көз жұмды. Соқтығысқан көліктерде болған 34 пен 40 жастағы екі ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған жол-көлік оқиғасының себебі тексеріліп жатыр.