• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Тамыз, 2020

Алаяққа алданатындар әлі көп

244 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласының тұрғыны танысына әкімшілікте жұмыс істейтіндігін айтып, оған кезексіз пәтер алып беруге уәде еткен. Ол сөзіне сенген жанның жеке куәлігі мен банк картасын пайдаланып, оның атынан микрокредиттік мекемелерден жалпы 305 мың теңгеге несие рәсімдеген, деп жазады Egemen.kz

"Пәтер алып беремін" деген мерзім әлдеқашан өтіп, алданғанын сезген тұрғынның арызына орай жедел-іздестіру шаралары жасалып, 26 жастағы алаяқ ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды.  Алаяқ кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндірген.

Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар