• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2020

Қызылордада сора егумен айналысқан тұрғын ұсталды

678 рет
көрсетілді

Қызылордалық полицейлер "Қарасора-2020" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Қармақшы ауданындағы Ақеспе маңынан 523 түп сора егілгенін анықтады.

Есірткі алқабын қарап, тексеру барысында қос ішіне төселген кілем астынан газетке оралған өзіне тән ерекше иісі бар шөп алынды. Сараптама қорытындысы оның салмағы 41,29  гр кептірілген марихуана екендігін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында  Қармақшы ауданының тұрғыны ұсталды. 

Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар