• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Тамыз, 2020

Жойқын жарылыс (Бейрутте 100-ден аса адам қаза болып, 4 мыңнан астамы жарақаттанды)

189 рет
көрсетілді

Ливан астанасы Бейрутте ірі жарылыс болды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда қаланы қызыл тұман басқаны анық көрінеді. Елдің денсаулық сақтау министрі апат салдарынан 100 адамның қайтыс болып, 4 мың тұрғынның жарақаттанғанын мәлімдеді.

Әлі де табылмай жатқан адам­дар көп. Министрдің айтуын­­­ша, төтенше жағдайлар депар­­та­ментіне жақындарын ізде­ген адамдар әлі де хабарласып жат­қан көрінеді. Түнде жа­рық­­тың жоқтығы іздестіру жұмы­­сына кедергі болғаны айтыл­ды. Жойқын екі жарылыс Бей­­рут теңіз портында болған. Пре­мьер-министр Хасан Диаб апат­қа себеп қоймалардың бірінде сақталған 2700 тонна аммиак селитрасы болғанын ха­бар­лады. Бұл химиялық зат тыңай­т­қыштардың және тау-кен өн­­дірісінде қол­данылатын жарыл­­ғыш заттардың құрамына қосылады. Бұл затты сақтауға бол­май­­тындығы туралы ескерту қой­ма басшылығына сонау 2014 жылы жасалған екен. Қазір жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр. Ел билігі жа­қын күндері кінәлілер анықта­лып, жазаға тартылатынын жет­­кізді. Жарылыс қаланың ас­тан-кестеңін шығарған. За­қым­­данған ғимараттар арасында Президент резиденциясы мен Премьер-министрдің штаб пәтері де бар. Жалпы 10 шақырым қа­шық­тыққа дейін орналасқан үйл­ерге әсер еткен. Куәгерлер айна­ладағы ғима­рат­тардың, үйлердің, көшедегі көліктердің әйнегі ша­ғылғанын айтқан.

Апат орнында өрт сөн­ді­ру­ші­­лер мен құтқарушылар жұ­мыс істеп жатыр. Сондай-ақ ел би­лігі 5 тамызды ұлт­тық аза тұту күні деп жариялады. Ли­вандағы Қызыл крест ұйымы оқиға­дан кейін бірнеше сағат ішінде жарақат­танғандарға шұғыл қан керек екенін айтып, тұрғындарды көмекке шақырды.

Ливанның жоғары қорғаныс кеңесі Бейрутты апатты аймақ деп жариялап, астанада екі аптаға төтенше жағдай енгізуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті әскери органдарға беруді ұсынды. Кеңестің теледидардан тікелей эфирде оқыған мәлімдемесінде президент Мишель Аунның төтенше жағдаймен күреске бюджеттен 100 миллиард Ливан фунтын бөлгені белгілі болды. АҚШ геологиялық қызметі жинаған мәліметтерге сенсек, Бейруттағы жарылыстың күшті болғаны соншалықты, ол жер бетінде 3,3 баллдық жер сілкінісіне тең сей­с­ми­­калық толқын тудырған.

Қазақстанның Сыртқы істер минис­трлігі Ливандағы дипло­матия­лық миссиясының ғимаратына зиян келгенін мәлімдеді. Дипмиссия қызметкерлері жапа шекпеген, консул аздаған жарақат алған. «Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отба­сы мүшелері зардап шеккен жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір олардың ротация процесі жүріп жатыр және алдыңғы күні біздің қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін орындарына аман-есен жетті», деді Мұхтар Тілеуберді.

Бұл жойқын апатқа халықаралық қоғам­дастық та бірден назар аударды. Ұлыбритания, Германия, Фран­ция, АҚШ және көршілес басқа елдер басшылары көмек қолын созуға дайын екендерін жеткізді. Елдегі ауру­ханалар лық толы. Коро­на­вирус­пен күресіп жатқан дәрі­гер­лер қазір жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмылған. Зардап шеккен­дер саны артып келеді, қайтыс болғандардың да саны өсуі мүмкін. Әлеуметтік желі қаланың қираған суреттері мен бейнежазбаларына толы. Ел тұрғындары түрлі БАҚ-қа берген сұхбаттарында қаланың қирап қалғанын айтып жатыр. Бұл апат елдегі онсыз да қиын эко­номикалық жағдайды күрде­лен­діре түскен. Елдегі кедейлік көр­сет­кіші 50 пайызға өскен, ал бірер ай бұрын ғана жастар саяси билікті жемқорлық жайлағанын айтып қарсылық білдірген еді. Одан бөлек шаһардың ауа сапасына қатысты алаңдаушылықтар да болды. Тұр­ғын­дарға үйден шықпай, сыртта маска тағып жүру туралы кеңес бе­ріл­ді. Алайда ауада ешқандай зиян­ды заттың жоқтығы белгілі болды. Қала губернаторы Марван Аббуд кем де­генде 10 өрт сөндірушінің із-түзсіз жо­ғалып кеткенін мәлімдеген. Ол бұл көріністің «Хиросима мен Нагасакиді» еске түсіргенін айтып, «бұл – ұлттық апат» деп мәлімдеді. Ел­де­гі жағдайға бүкіл әлем қай­ғы­рып, Ливан халқына жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Жарты ғасыр бойы дипломатиялық қарым-қатынасы үзілген Израиль де гуманитарлық және медициналық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.