Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қашықтан білім беруді қолдау мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге және мұғалімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесін пысықтаған еді, - деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусиннің айтуынша, тарифтік жоспарда отандық бейне-конференц байланыс жүйесін қоса алғанда, Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық (жергілікті және ҚР аумағындағы) 380 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалану қарастырылған. "Білім" тарифтік жоспарының абоненттік төлемі айына 990 теңге. Бұл тарифтік жоспарды 20 тамыздан кейін қолдануға болады. Жаңа тарифтік жоспарға қосылу шарттарын қазір Білім және ғылым министрлігі пысықтап жатыр. Сондай-ақ байланыс операторлары 1 ГБ интернет трафигін қосымша ұсынады", - деді Бағдат Мусин.
Аталған іс-шара Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және байланыс операторлары арасында қазақстандықтардың білім беру ресурстарына шектеусіз қосылу жөніндегі ынтымақтастық меморандумын қабылдау нәтижесінде жүзеге асырылған.
Сондай-ақ министрлік тіркелген байланыс операторларымен бірге тиісті талдау жүргізіп, операторлардың мектептердегі интернет жылдамдығын 8 Мбит/сек дейін қосу/арттыру мүмкіндігін анықтады. Осы бойынша тиісті ақпарат жергілікті әкімдіктерге жолданды. Жергілікті әкімдіктер мектептерді интернетпен қамту бойынша жұмыс жүргізуі керек.