• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Тамыз, 2020

Қазақстанда күріш өндірісі екі есе өсті

560 рет
көрсетілді

Биыл өсімдік тектес азық-түлік өндірісі едәуір өсті. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңделген күріш өндірісі 81,2%-ға (60-тан 107,5 мың тоннаға дейін), өңделген және көкөністер консервілері (картоптан басқа) - 49%-ға (6,9-дан 10,2 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері - 13,5%-ға (81-ден 92 мың тоннаға дейін), маргарин - 12,6% -ға (30-дан 33,7 мың тоннаға дейін), жарма - 10,6%-ға ( 40-тан 44,5 мың тоннаға дейін), тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы - 9,5%-ға (212-ден 232 мың тоннаға дейін), ұн - 8%-ға (1546-дан 1670 мың тоннаға дейін), кондитерлік ұн өнімдері - 3,4%-ға (70,4-тен 73 мың тоннаға дейін) өсті.

Өткен жылдың деңгейінде жаңа піскен нан (323 мың тонна), сондай-ақ жеміс-көкөніс шырындары (30,4 млн литр) өндірілді.

Сонымен бірге, сірне өндірісінің 52%-ға (21-ден 10 мың тоннаға дейін), крахмал мен крахмал өнімдерінің - 9,3%-ға (15,2-ден 13,8 мың тоннаға дейін) төмендеуі байқалады.