Өңір полицейлері батысқазақстандық әріптестерінің көмегімен Оралда ұсталған азаматты қамауға алды. Күдікті "Гарант 24 Ломбард" ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту, сондай-ақ алаяқтық дерегімен іздеуде болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Ұсталған күдікті оқшаулау орнына қамалды. Күдіктіге биылғы ақпанда іздеу жарияланған болатын. Сол кезде полиция департаментіне салымшылардан "Гарант 24 Ломбард" ЖШС-нің, "Нурали Капитал", "Выгодный займ" микрокредиттік ұйымдарының филиалдары басшыларының жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ақшалай қаражатты заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты өтініштер түскен еді. Қазір тұрғындардың өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.