• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Тамыз, 2020

«Шахтер» Еуропа лигасының жартылай финалына шығуға жақын тұр

225 рет
көрсетілді

Украинаның «Шахтер» командасы Еуропа лигасының жартылай финалына шығуға жақын тұр, – деп хабарлайды Egemen.kz.

Ширек финалдық ойынның бірінші таймында «кеншілер» Швейцарияның «Базель» клубына жауапсыз екі гол соғып үлгерді. Жанкүйерлерсіз өткен матчта «Шахтер» сапынан Мораес (2 мин.) пен Тайсон (22 мин) көзге түсті.

Егер де ойын нәтижесі өзгеріссіз қалса, онда «Шахтер» жартылай финалда Миланның «Интер» командасымен кездеседі.

 Бірінші таймдағы ойынның статистикасы:

«Шахтер» – «Базель»

Соққы – 11:5; Дәл соққы – 6:0; Бұрыштама – 6:4; Офсайд – 1:2; Сары қағаз – 0:1; Қызыл қағаз – 0:0; Допты иелік ету – 62% – 38%.

 «Шахтер»: 

қақпашы – Пятов (капитан); қорғаушылар – Матвиенко, Бондарь, Кривцов, Додо; жартылай қорғаушылар – Степаненко, Антонио, Тайсон, Патрик, Марлос; шабуылшы – Мораес.

«Базель»:

қақпашы – Николич; қорғаушылар – Петретта, ван дер Верфф, Альдерете, Видмер; жартылай қорғаушылар – Фрай, Кампо, Джака; шабуылшылар – Пулулу, Артур, Штокер.

Ал "Вулверхэмптон" (Англия) мен "Севилья" (Испания) арасында екінші ширек финалдық ойында әзірге есеп ашылған жоқ.