• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Туризм 14 Тамыз, 2020

Қай елдерге шығуға рұқсат берілген?

746 рет
көрсетілді

Freedom Finance Life мамандары зерттеу барысында, коронавирустың әлемдік пандемиясы кезінде қазақстан­дықтардың бару мүмкіндігі бар 17 елді белгіледі.

Worldometers халықара­лық статистикалық сайттың мәлі­мет­теріне сәйкес, қазіргі уақытта Covid-19 ауруына шал­дыққан 18,7 миллионнан ас­там адам айқындалған. Көптеген елдер аурудың үде­мелі кезеңі­нен өт­кен. Кейбір елдер шетел азаматтарына шека­расын аш­қан, ал кейбірі ашуға дайында­луда.

Қазақстандықтар шетелге тек демалу мақсатында шық­пай­ды. Мысалы, іссапары, жа­қын­дарын көру, емделу немесе әлеуметтік көмек көр­сету жос­парлануы мүмкін. Осыған орай, Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы зерттеу жүргізіп, жаздың соңына дейін қазақ­стандықтарға баруға ты­йым салынған елдерді, біздің туристерді белгіленген ере­же­лерге сәйкес қабылдайтын ел­­дерді, сонымен қатар шекарасын толық, соның ішінде, демалу үшін ашқан елдерді анықтады.

Зерттеу барысында Ха­лық­­аралық әуе көлігі қауым­дас­ты­ғының (IATA) мәліметтері пайдаланылды.

 

Туристерге баруға толық тыйым салынған елдер

Жалпы алғанда, бұл ті­зім­ге 60-тан астам ел кірген. Олар­дың ішінде: Қырғызстан, Өз­бекстан, Түрікменстан, Әзер­байжан, Израиль, Сирия, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Куба, Перу, Арген­тина, ОАР, Марокко, Ал­жир, КХДР бар.

Халықаралық рейстерге ар­нал­ған 15 әуежайын тамыздың 15-не дейін ашу жоспарланған елдер сапында Тәжікстан, Гре­кия, Румыния, Чили болса, ал тамыздың 31-не дейін қа­зақ­стандықтар үшін келесі ел­дер­дің шекарасы жабық: Тү­рік­мен­стан, Әзербайжан, Моң­ғо­лия, Үндістан, Таиланд, Испа­ния, Швеция, Канада, Перу, Ко­лумбия, ОАР. Сонымен қатар Ита­лия туристер үшін шектеуді алып тастаудың болжалды мер­­зімі қазанның 15-іне дейін со­зыл­­ғанын мәлімдеді.

Тыйым салуды толық қол­да­натын қалған елдер, шека­ра­ла­рын қашан ашатынын әлі хабарлаған жоқ, яғни Қазақ­стан азаматтарына қай уақытта қолжетімді екені белгісіз.

 

Ішінара шектеу қойған елдер

90-нан астам елдер шетел азаматтарын белгіленген ережелерге сәйкес қабылдауға да­йын екендігі туралы мә­лім­­деді. Олардың ішін­де: Ре­сей, Тәжікстан, Беларусь, Гру­зия, Армения, Моңғолия, Ка­­на­да, АҚШ, Бразилия, Еуропа мемлекеттері (Молдованы қос­­­пағанда), БАӘ, Үндістан, Қы­тай, Аустралия, Жапония, Таи­ланд, Малайзия, Индо­незия, Фи­­липпин елі және Жаңа Зелан­дия.

Әзірше аталған ережелер, дем­алу мақсатында шыққан ту­ристердің көпшілігіне қол­да­ныл­майды. Алайда шетел­ге басқа себептермен бару­шы­ларға, мысалы, ата-аналардың шетелде оқитын баласы бар, операция немесе іссапар жос­парланған болса, ерекше ере­желерді сақтау талап етіледі.

Бірінші кезекте, Covid-19 тесті бойынша нәтижесі көр­сетілген медициналық анық­тамасы шығу күнінен 7 күн ал­дын ала және одан кеш емес мерзімде берілуі тиіс. Ұшып келгенде туристер медицина­лық куәландырудан өтеді және же­ке карантинде 14 күн болады. Кейбір жағдайларда, жо­лау­шылардың ұшар алдында алынған жол жүру рұқсаты болуға тиіс. Шетелге баратын ту­ристердің коронавирустан сақ­тандыру полисінің болуы өте маңызды. Мысалы, Covid-19-ға сақтандыру Қазақстанда жасалса, бүкіл әлемде заңды түрде қолданылады.

 

Туристерге шекарасын ашқан елдер

Бұл тізімде әзірше 17 ел бар: Украина, Ауғанстан, Сербия, Мысыр, Мексика, Доминикан Республикасы, Мальдив және Багам аралдары.

Тыйым салу толық алын­ғаны­мен, ұшып келгенде жо­лаушылар медициналық куә­ландырудан өтуге және ауруы жоқ туралы анықтамасын ұсынуға тиіс.

IATA тізімінде сонымен қа­­­тар мәртебесі әлі анықтал­ма­ған елдер белгіленген, мысалы, Бехрейн, Мартиника, Палестина.

Шектеулері толық неме­се ішінара алынғанына қара­мастан, көптеген елдерде әлі де Covid-19 ауыратындар саны мыңдаған адаммен есептеледі. Мысалы, АҚШ, Бразилия және Үндістанда сырқаттанушылар саны өте көп – 2 275 553, 741 213 және 587 908 оқиға. Сондықтан ел азаматтарын ше­телдік ұзақ сапарға алдын ала дайындау қажет.

Коронавирустан сақтанды­ру­ды алатын болсақ, бұл жайында шетелге шығу алдында 14 күн бұрын қамдану керек. Мысалы, Corona Protect сақ­тандыру, ре­сімделген күні­нен екі аптадан кейін іске қо­сы­лады және 6 ай ішінде қол­да­нады. Оның шарттарына сәй­кес, емханаға түскен жағ­дай­да қаржылық көмек алу­ға бо­лады. Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, тө­лемді мұрагерлері алады. Сақ­тан­дыру төлемі 4 900-24 500 тең­ге аралығында құбылады, таң­далған төлем жиынтығына тәуел­ді (100 мың теңгеден 5 000 мың теңгеге дейін).