• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2013

Ақпараттар ағыны

213 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Астанада кәсіп­кер­лер саны 6,5 пайызға артты. Мұның өзі кәсіпкерлер легіне тағы 178 305 адамның қосылғанын білдіреді.

 

Жыл басынан бері Астанада кәсіп­кер­лер саны 6,5 пайызға артты. Мұның өзі кәсіпкерлер легіне тағы 178 305 адамның қосылғанын білдіреді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі 15 отбасы баспаналы болды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев қатысып, мемлекет саясатының арқасында әлеуметтік мәселелерді шешуге қазынадан қомақты қаржы бөлініп, ел игілігі үшін көптеген оңды тірліктердің атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

Өскеменде енді балық жәрмеңкесі өткізіледі. Алдағы сенбі күні керуен керетін бұл шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастамашы болды. Осыған орай қала басшылығы саудаға жаңа ауланған балықтармен қатар, тірі форель мен сазандардың да шығарылатынын айтып отыр. Мұның соңы балық тағамдарының конкурсына ұласады.

Қызылорда қаласында шағын зауыт ашылды. Қалаға қарасты Ақсуат ауылында жеке кәсіпкер Асхат Нұрсейітовтің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген кәсіпорны құрылысқа қажетті 320 түрлі тас өнімдерін шығарады.

Павлодар облысында ормандарға қырғауылды жерсіндіру жобасы жүзеге асты. Облыс әкімі Ерлан Арынның бастамасымен қолға алынған шараға сай Ақтоғай ауданы Жаңа ауыл аумағындағы тоғайға 50 дала құсы жіберілді. Оны «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар жасағының облыстық штабы жүргізді.

Жамбыл облысының Шу ауданында есірткі тасымалдаушы қолға түсті. Осында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде «Көкқайнар» шекаралық бекетінде тоқтатылған көліктегі 38 жастағы жолаушының спорттық сөмкесінен 11 кило марихуана және 1 килоға жуық гашиш табылған.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары»,

Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews

хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар