• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Тамыз, 2020

Заңсыз балық аулаушыларға тоқтам салды

293 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 2020 жылдың 7 айында бақыланатын аумақтарда балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 1 317 жедел рейд жүргізді.

Рейдтік тексерістер барысында балық ресурстарын қорғау аясында 577 заң бұзушылық анық­талды. Бұл бойынша 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде өрескел заң бұзушылық жасағаны үшін (тыйы­м салынған аулау құралдарын пайдалану, тыйым салынған мер­зімде және орындарда балық аулау, тіркелмеген қайықтарды және т.б. қолдану) 95 материал сотқа жі­берілді. Сондай-ақ 9 801 384 тең­геге айыппұл салынды,

5 415 850, 6 теңге сомасындағы за­лал­ды өндіру бойынша талап-арыз ұсынылды. Заңсыз қолда­нылған 1 352 дана аулау құралы алынып қойылды, оның ішінде синтетикалық моноталшықтан жасалған 924 ау, 11 қайық және әртүрлі типтегі 6 мотор, 3933,7 ки­ло заңсыз олжаланған балық тәркіленді.

Жыл басынан бері аумақтық инспекцияның лауазымды тұл­ғалары табиғат қорғау заңна­масын бұзу фактілері бойын­ша 7 қыл­мыстық іс қозғады. Нә­ти­же­­сінде 9 адам жауапкер­ш­ілік­ке тартылды. Құрамына мүд­де­лі органдар (прокуратура, ІІД, ЖАО, Инспекция) кіре­тін жедел топтар құрылды. Құқық қор­ғау органдарының өкілдерімен жүр­гізілген 32 бірлескен рейд­тік іс-шара барысында 8 құқық­бұзушылық ашылды.

Өңірдегі су айдындарында 2020 жылғы 15 ақпаннан бас­тап 2020 жылғы 1 шілде ара­лығында балықты және басқа су жануар­ларын аулауға бекітілген лимит 3804,973 тоннаны құрайды, оның 3591,591 тоннасы, 94,3%-ы иге­­рілді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша халық­аралық және республикалық ма­ңызы бар балық шаруашылығы су ай­дындарында 3206,4 мың теңге сомаға 2658 мың дана балық жі­бе­рілді. Жергілікті маңызы бар ба­лық шаруашылығы су айдындарында 350 мың теңге сомаға 1000 мың дана балық жіберілді.

Келтірілген залалды өндіріп алу есебінен «Шүлбі ГЭС» ЖШС 2 917 707 теңге сомаға 132623 дана, «Өскемен ГЭС» ЖШС

6 955 847 теңге сомаға 297 730 дана, «Казцинк» ЖШС 1 773 333 теңге сомаға 70933 дана балық жіберу жұмыстарын жүргізді.