• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2020

"Құқықтық кеңес беру" жедел желісі іске қосылды

520 рет
көрсетілді

Интернетте жеке мәліметтерді қалай қауіпсіз қолдануға болады? Интернет алаяқтықтың құрбаны болмау үшін нені білу керек? Әлеуметтік желі арқылы жасалатын қоқан-лоққыдан сақтанудың жолдары қандай? Желіде заңсыз әрекетке тап болсаңыз, қайда және кімнің көмегіне жүгіну керек? Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" мемлекеттік гранты аясында аталған мәселелер бойынша құқықтық және психологиялық көмек көрсететін жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жедел желі арқылы ҚР азаматтары үшін қазақ-орыс тілдерінде тегін консультациялар жүргізіледі. Кеңес алу қоңырау шалушының тарифтік жоспарына сәйкес шығыс қоңырау ретінде тарифтеледі. Ұйымдастырушылар тарапынан құпиялылық ұстанымына кепілдік беріледі. Жаңа қызмет арқылы мамандар төмендегі бағыттар бойынша кеңес береді:

- азаматтардың цифрлық беделін қорғау;

- жалған ақпараттарды тарату және жалған ақпараттан зардап шегу;

- fake-news және көпқырлы шындық мәселесі;

- азаматтардың жеке және цифрлық ақпараттарын сақтау;

- киберқауіпсіздік;

- интернет - тәуелділік;

- балалар құқығын қорғау;

- интернет-сауаттылыққа қатысты мәселелер;

Мамандар хабарласушылардың мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын ұсынады, азаматтардың арыз-шағымдарына жедел мән беріп, оның жан-жақты қаралуына ықпал жасайды. Көмек пен кеңес сұрап хабарласқан әрбір хабарласушымен сенімді сұхбат құрылып, олардың мәселелері негізді әрі жылдам шешілуі үшін тиісті органдарға жолданады, психологиялық көмек көрсетіледі.

Жедел желінің +7 771 4852133 нөміріне 09.00-19.00 аралығында хабарласуға, ал, whatsapp желісіне 24 сағат бойы сауал жолдауға болады, whatsapp желісіне түскен сауалдарға 09.00-19.00 аралығында жауап беріледі. Сондай-ақ, жобаның интернет кеңістігіндегі парақшаларына сауал жолдауға болады:

Эл. пошта: Qzrestart2020@gmail.com

Fasebook:  Restart парақшасы

Instagram:  @restart_social   

Telegram:   https://t.me/restart_kz

Айта кетейік, жедел желі "Жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділіктің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау" мемлекеттік гранты аясында іске қосылды. жедел желі жұмысы 2020 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.