• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Білім 20 Тамыз, 2020

Бір мектептен 100 түлек ЖОО грантын иеленді

552 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлектері түгел жоғары оқу орындарына түсті,  деп хабарлайды Egemen.kz

Әлемнің және еліміздің үздік университеттерін таңдаған зияткерлердің 99,1 пайызы тегін оқу негізінде білімдерін жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Өткен жылдармен салыстырғанда биыл Назарбаев Университетінің білім гранттарын иеленгендердің саны артқан. Еліміздің беделді оқу орнынан шақырту алған 42 түлектің 22-сі тікелей бірінші курсқа қабылданса, 20 дарынды жас Foundation бағдарламасына түскен.

Оқуларын шетелде жалғастыруды жоспарлаған 3 зияткердің бүгінде армандары орындалып, Америка мен Венгрия елдерінің білім гранттарын жеңіп алды.

Айта кету керек, түлектердің басым бөлігі медицина, ақпараттық технологиялар, тау-кен ісі және экономика мен қаржы салаларындағы мамандықтарға қызығушылық танытқан.