• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2013

Шексіз шығармашылық кеші

460 рет
көрсетілді

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Мүмкіндігі шектеулі талантты жастар арасындағы шығармашылық байқауды ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында «Шексіз шығармашылық!» атты фестивальдің гала-концерті өткізілді.

 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Мүмкіндігі шектеулі талантты жастар арасындағы шығармашылық байқауды ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында «Шексіз шығармашылық!» атты фестивальдің гала-концерті өткізілді.

Гала-концерттің ашылу салтанатында «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Байменова тағдырдың салған ауыртпалықтарына қайыспай қарсы тұрып, өнерді серік еткен жандарға шығармашылық сәттілік тіледі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басты­ғының орынбасары Алтынбек Әмір­ғалиев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкері Гүлдана Махатова шығармашылықтың шексіздігін мойындатқандарға құттықтау тілектерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді. Содан кейін әнші Сейсен Айтжанов «Тырналар» әнін шырқады. Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар бірін-бірі іліп әкетіп, әннен шашу шашты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қолынан шыққан әдемі дүниелерден жасақталған көрме де көрермендерді тәнті етті.

Шара барысында Марат Оспа­нов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «Мейірімділер» еріктілер клубы, басқа да оқу орындарынан құралған еріктілер мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп, қызмет көрсетті.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар