Облыстық балалар ауруханасына 13 тамызда 2005 жылы туған жасөспірім мультисистемалық қабыну диагнозымен түскен. Аурухана бас дəрігерінің орынбасары Орындық Жұбанқызының айтуынша, жасөспірімде коронавирус инфекциясы нақтыланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Бастапқыда жасөспірімді учаскелік дəрігер емдеген. Науқастың қызуы жоғарылап, денесінде бөртпелер, тыныс алу жетіспеушілігі, аяқ-қолының ісінуі пайда болды. Сол себептен, Атырау облыстық балалар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды. Республикалық медицина ұйымдарының бас мамандарымен бірлесе кешенді емдеу терапиясы жүргізілді. Соның нəтижесінде соңғы күндері науқастың жағдайында оң динамика байқалды. Тамаққа тəбеті ашылып, бөтекелері өздігінен жұмыс істей бастады.
Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен алгортимге сəйкес, мұндай диагнозбен ауырған науқастар орталықта емделуі керек. Сондықтан, жасөспірім 21 тамызда Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының инфекциялық бөлімшесіне санитариялық авиациямен жеткізілді", - деді Орындық Жұбанқызы.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.