Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді кімде-кім өз командасында көргісі келсе, онда келісімшартта көрсетілгендей сатып алушы тарап «Барселона» командасына өтемақы ретінде 700 млн еуро төлеуі керек.
Mundodeportivo.com-ның хабарлауынша, егер Месси команда ауыстырғысы келсе, «Барселона» шабуылшының талап-тілегін орындау үшін кез келген клубқа жіберуге дайын. Алайда каталониялық клуб келісімшарт мерзімі 2021 жылдың жазында аяқталатын Леоны командада қалдыру үшін барлық жағдай жасайтынын айтады.
Бұған дейін Мессиді сатып алуға ПСЖ, «Ювентус» және «Интер» командалары қызығушылық танытқан болатын.