• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Тамыз, 2020

Жер телімдеріне қатысты тергелуде

293 рет
көрсетілді

Түркістан қаласын дамыту шеңберінде мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алу кезінде 33,5 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатының жымқырылғанын Түркістан қаласының прокуратурасы анықтады.

Мемлекет мұқтажы үшін 6 жер телімінің иеліктен шығарылған өтеуі ретінде аталған соманы 2019 жылы қала әкімдігі жекелеген тұлғаларға төлеген. Алайда прокурорлық талдаулар бары­сын­да аталған жер телімдерінің бір бөлі­гіне меншік құқығы мүлдем тіркел­ме­гені, ал екінші бөлігі жалған құжат­тар­дың негізінде рәсімделгені анықталды.

Яғни «Жер кодексі» мен «Мем­ле­кеттік мүлік туралы» заң талаптарына сәйкес (алынуға жататын жылжымайтын мүлікті) жергілікті атқару органының лауазымды тұлғалары жер иелігіне құқық куәландыруын бере­тін құжаттарды мұқият тексермей, жыл­жы­майтын мүліктерді тізімге қосу арқылы аталған жерлер үшін 33,5 млн теңгеге өтемақыны заңсыз төлеген.

Прокуратураның ден қою актісі негі­зінде заңсыздықтарға жол берген қала әкімінің осы салаға жауапты орын­басары Т.Мұсаевқа «Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді. Соны­мен қатар заңсыз құ­қық­тық куәландыруды беретін құжат­тардың  күшін жоюға және келтірілген залал­ды өтеуге тиісті шаралар қолда­нылуда.

Бұдан бөлек, жинақталған құжаттар негізінде Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес (лауазымдық өкілет­тіктерді теріс пайдалану) Түркіс­тан қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.