• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2013

Тарихи құндылықтар

6674 рет
көрсетілді

 Оларды құрметтеу арқылы ұлтты қастерлейік

Мен ұлттық әрі мемлекеттік мүдде туралы осы мәселеге Парламенттің және Үкіметтің назарын екінші рет аударып отырмын.

Ұлттың жан-тәніне әлімсақтан сіңіп кеткен қымыз осы күні Ресей мен Қытайдың, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропаның әулие асына айналған. Бабаларымыз са­­­­пыр­ған сары қымызды, ауруға ем, сауға қуат дәрі қымызды Франция, Германия, Бельгия дастар­қанының сәні етіп отыр. Бұлардың қатарына соңғы жылдары Австрия мен Италия қосылды.

 Оларды құрметтеу арқылы ұлтты қастерлейік

Мен ұлттық әрі мемлекеттік мүдде туралы осы мәселеге Парламенттің және Үкіметтің назарын екінші рет аударып отырмын.

Ұлттың жан-тәніне әлімсақтан сіңіп кеткен қымыз осы күні Ресей мен Қытайдың, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропаның әулие асына айналған. Бабаларымыз са­­­­пыр­ған сары қымызды, ауруға ем, сауға қуат дәрі қымызды Франция, Германия, Бельгия дастар­қанының сәні етіп отыр. Бұлардың қатарына соңғы жылдары Австрия мен Италия қосылды.

Неміс елінде қымыз өндірушілердің көбе­юіне байланысты жеке-дара одағы құрылған. Мамандандырылған 50 ферма қымызды дәрілік таблетка, косметикалық бұйымдар, балалар тағамы және балмұздақ түрінде Еуроодақтың нарығына шығарды. Ресейде 80 қымыз шаруашылығы бар болса, олардың өнімі ірі қалалардағы ең өтімді тағамның біріне айналған. Мәселен, мәскеуліктер күніне 15 тоннадан астам қымыз ішеді. Осы елде жыл сайын бие сүтінен 500 тонна балалар та­­ғамы әзірленеді. Ал Якутияда қымыз туралы жеке заң қабылданған. Сол заң бойынша жыл­қы шаруашылығының құрылыс нысанда­рына қажетті қаржыны, электр қуаты мен кө­лік тасымалына кететін шығынды мемлекет өтей­ді. Балабақшадағы бүлдіршіндерге қы­мыз республикалық бюджет есебінен тегін беріледі.

Бізде, қымыздың отаны – Қазақстанда осының көбі жоқ. Қымыз өндіруге бөлінген азын-аулақ субсидияны жылқышы 35 бие ұстап, оның 20-сын сауып отырса, қымыз ашы­татын цехы болса, ол цех ветеринарлық та­лапқа сай келсе ғана алады. Мұндай дең­гейге мемлекеттің көмегінсіз жету мүмкін бе?!

Үстіміздегі жылдың 15 шілдесінде Таразда өткен ғылыми-практикалық семинар-кеңеске қатысқан ғалымдар мен кәсіпкерлер қымыз өндірісін дамытуға кедергі болып отырған мәселелерді талқылай келіп, республика Үкіметіне төмендегі ұсыныспен шықты:

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық кодексінде қымыз, сондай-ақ ұлттық тағамдар өндірумен айналысатын шағын және орта бизнес нысандарына арнаулы салық жеңілдігін қарастырсын;

Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистрлігі қымыз және ұлттық тағамдар өнді­рісін дамыту туралы заң жобасын әзірлесін;

Сауылатын биені бағып-күтуге берілетін субсидияның көлемі сүтті ірі қараға бөлінетін қаржы деңгейіне жеткізілсін;

Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақтың ұлттық тағам­дары» ғылыми орталығы ашылсын;

Қымыз өндірушілердің республикалық және аймақтық палаталары құрылсын.

Осы ұсыныстардың бәрі орынды. Ұлттық тағам – ұлттық құндылық болумен бірге, ауылды көркейтудің орасан зор мүмкіндігі. Ұлт денсаулығының кепіліне, дәстүрі мен мақтанышына айналған тағамдар өндірісін ауылдарда дамыту арқылы мыңдаған жұмыс орнын ашамыз. Жылқы санын 5 миллионға жеткізген АҚШ, 12 миллионнан асырған Қытай мен Ресей осы түлік арқылы елеулі әлеуметтік мәселелерді шешуде. Ал 120 млн. гектар жайылымы бар Қазақстандағы жылқы саны 1 млн. 400 мың ғана. Жылқы өсірген елдің орынды ұсыныстарын қабыл алайық. Тарихи құндылықтарды құрметтеу арқылы ұлтты қастерлейік.

Алдан СМАЙЫЛ,

Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар