• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 25 Тамыз, 2020

Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты

1603 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.