• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2020

"Shymkent INVEST" кеңсесі 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен

363 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде құрылған "Бизнеске арналған үкімет-Shymkent INVEST" кеңсесі аз уақыт ішінде 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған "Мен кәсіпкер боламын" бағдарламасы бойынша 1 пайыздық жеңілдетілген несие алу үшін 427 азамат өтініш берген. Нәтижесінде жалпы құны 98 млн теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған. Ал "1000 сауда орны" бағдарламасы аясында жер учаскелерін алу бойынша 200-ге жуық азаматқа кеңес берілсе, мемлекеттік грант алу бойынша 104 адам өтініш білдірген.   Сонымен қатар 500-ден астам кәсіпкерге қаржылай емес қолдау көрсетіліп, мамандардың көмегімен бірнеше жоба әзірленді.   Фронт-офис кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидасы бойынша жан-жақты қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс атқарып келеді.   Мұнда кәсібін ашқысы келетіндердің барлық сұрақтарына жауап беріледі. Мамандар жеңілдетілген несие алу, сауда орындарын іске қосу, индустриялық, көлік-логистикалық, агро-индустриялық және арнайы - экономикалық аймақтардан жер телімін алу сынды мәселелер бойынша кеңес беруге дайын.     Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.