• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2013

Семейде өгей әке ұлын азаптап өлтірді

310 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында өгей әке ұлын тепкілеп өлтірді. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

29 жастағы өгей әке теледидар көруге кедергі жасаған ұлын ұрып өлтірген. Ал мұның алдында бүлдіршіннің денесіне темекі басып, қолын сындырған екен. Соңғы соққыдан баласы көз жұмған кезінде Ресейге қашып кетуге әрекеттеніпті. Оны шекара бекетінде құқық қорғау қызметкерлері қолға түсіріп, уақытша оқшаулағышқа қамады. Жақында өгей әкенің қылмысына қатысты сот процесі болып, ол 23 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар