• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Тамыз, 2020

Қан плазмасымен емдеу туралы пікір екіге жарылды

221 рет
көрсетілді

АҚШ билігі мақұлдаған коронавирусты емдеуге арналған плазмалық құю инфекцияның ерте сатысында ғана ағзаға оң әсер етеді, –  деп мәлімдеді Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің маманы. Бұл деректі Bloomberg агенттігі таратты.

«Бұл процедура аурудың соңғы сатысында қолданылатын болса, оны  «ғажайып ем» деп санауға болмайды. Мұндай жағдайда дерт жеңілдейді деп үміттену қателік. Қан плазмасын кешіктіріп,  дертті асқындырып барып қабылдау жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін»  деді Кара.

Түркиядағы коронавируспен ауыратын науқастарды қанды оттегімен қанықтыру арқылы емдейді.

Айтпақшы, тамыз айының басынан бері ковидті қан плазмасымен емдеуге байланысты көзқарастар екіге бөліне бастағанын байқап қалдық.  «Тамыздың аяғында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) COVID-19 емделушілеріне қан плазмасын құюға рұқсат бергені хабарланған болатын. Бұл қадамды Америка президенті Дональд Трамп мақұлдады»  деп хабарлайды Bloomberg.

The New York Times  мәліметінше, қан плазмасын коронавирус жұқтырып, аурудан айыққандар тапсыра алады. Яғни, олар басқа да ауырып жатқандарға донор болады. Ол үшін аурудан жазылған адам 14 күн оқшауланып, кейін ғана қан плазмасын тапсыра алады. Сол кезде донордың басқа адамдарға вирус жұқтыру қаупі жоғалады екен.

Community Blood Center медициналық директоры Джеймс Александр Dayton Daily News-ке берген сұхбатында  "COVID-19 жұқтырған адамның плазмасында инфекциямен күресетін антиденелер бар.  COVID-19 сынамасы оң нәтижесі көрсетіп, екі апта ішінде барлық симптомнан құтылу керек" екенін айтқан.   Дәрігер қан плазмасын тапсыратын адамның осы шарттарға сәйкес келетінін анықтауы керек. Сондай-ақ, Джеймс Александр да емдеудің мұндай түрі дерттің бастапқы кзедерінде ғана ем болады. 

ДДҰ апта басында коронавируспен ауырып жатқан адамдарды жазылып шыққандардың қан плазмасымен емдеу – тәжірибелік әдіс деген шешімге келгенін   24 kz  хабарлады.   Себебі клиникалық сынақ тұрғысынан оның тиімділігі әлі дәлелденбеген.

Бұл мәлімдемені ұйым мамандары АҚШ-тың жуырдағы шешіміне байланысты жасап отыр.  ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан коронавирустық инфекцияны плазмамен емдеуге қатысты клиникалық сынақ жұмыстары қазір бүкіл әлем бойынша жүріп жатқанын айтады. Бірақ бірнешеуі ғана оң нәтижемен аяқталған. Себебі әр адамның ағзасында антидене әр түрлі деңгейде қалыптасады. «Сондықтан, дерт асқынған жағдайда қан плазмасын құю арқылы науқасты аман алып қаламыз  деп тұжырым жасау әлі ерте» дейді ДДҰ мамандары.